Казахские песни – Фариза қыз: аккорды для гитары

Текст песни "Казахские песни – Фариза қыз" с аккордами для гитары

Мақпал Жүнісова - Фариза қыз

Сөзі: Мұқағали Мақатаев

Оңай болушы үшін немесе капо 1:
Fm - Em
A#m - Am
C - H7
C# - C

Fm
1. Фариза!
Фаризажан, Фариза қыз!
A#m                                          Fm  C
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Fm                                A#m  Fm(C#)
Бірімізден-біріміз арылармыз,
Fm                  C          Fm
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз.
Fm                                            A#m
Біздерді де іздейтін жан болса егер,
Fm              C                    Fm
Шаң басқан архивтерден табылармыз.


2. Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де.
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып
Тастағысы келеді күресінге,
Фаризажан, сен соны білесің бе?..

3. Жанарымды тұманмен тұмшаладым, 
Серіппесі үзіліп тұр садағым. 
Жігітінен қазақтың дос таба алмай, 
Қыз да болсаң мен саған, мұң шағамын, мұң шағамын, 
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім... 
Қыз да болсаң мен саған, мұң шағамын, мұң шағамын. 


4. Момын едім, жақсы едім, ұяң едім, 
Аттап өттім олардың қия белін. 
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды, 
Жия бергім келеді, жия бергім, жия бергім, 
Маңдайымнан сипаған жан болса егер, 
Енді қалған өмірімді қияр едім, қияр едім. 
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз, 
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. 
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та, 
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Важно! Чтобы посмотреть аппликатуру нужного аккорда к песне “Казахские песни – Фариза қыз“, просто наведите мышку/кликните на сам аккорд.

Видео/Клип на песню “Казахские песни – Фариза қыз”:

Нажмите на звезду, чтобы оценить!

Средняя оценка 0 / 5. Количество оценок: 0

Оценок пока нет. Поставьте оценку первым.

Подписаться
Уведомление о
guest
0 Комментарий
inline-комментарии
Посмотреть все комментарии
ПОПУЛЯРНЫЕ АККОРДЫ: